Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Кіші құрылтай аясында ұмыт болған ұлттық тағамдардың көрмесі өтті

03 Тамыз 2014, 18:15
0
Қазақтардың Кіші Құрылтайы Түркияда өтті. Фото: 24.kz
Қазақтардың Кіші Құрылтайы Түркияда өтті. Фото: 24.kz

Түркияда өтіп жатқан Кіші құрылтай аясында ұмыт болған ұлттық тағамдардың көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ыстамбұлда ұмыт болған ұлттық тағамдардың сан алуан түрі көпшілік назарына ұсынылды. Шараны өткізгендер Түркиядағы қандастарымызға қазақтың аса бай ас мәзірін кеңірек таныстырып, насихатты арттыра түсуді діттеп отыр. Өте сирек дайындалатын астың түрлері көпшіліктің қызығушылығын тудырған. Мысалы, жаңа сойылған малдың қанына іш май, аздаған ет пен дән қосып пісірілген қансоқта шұжығын өмірінде алғаш көргендер көп. Сондықтан көрмеге қатысушы Түркиядағы қандастарымыз бен жергілікті халық таңсық келген тағамнан дәм татуға асықты.

Сондай-ақ бүгін Түркия қазақтарының Кіші құрылтайы аясында ұлттық сипаттағы осы заманғы киім үлгілерінің таныстыруы өтті. Дизайнер Эсра Есдәулеттің айтуынша, жаңа сән үлгісімен тігілген бұл киімдер топтамасы жиын-кеште киюге арналған. "Біз бұл құрылтайды елдегі қазақтармен қарым-қатынас орнату мақсатында жасадық. Қазақстаннан киім алдырдық. Біздің сұлу қыздарымыз киіп көрсетеді. Киімдер әдемі, Түркиядағы киімдерге ұқсамайды", - дейді дизайнер Эсра Есдәулет.

Түркия қазақтарының кіші құрылтайы қазақтың өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды. Алқалы жиынға атсалысқан ел азаматтарына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жауып, Қазақстан шетелдегі қазақ диаспораларына жан-жақты қолдау жасауды жалғастыра беретінін жеткізді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай