17 сәуір 2015 18:47

Кітапхана күзетшісінің күйсандықта ойнаған видеоролигі Интернетті дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Youtube.com @Youtube.com

Грузияның кітапхана күзетшісінің күйсандықта ойнаған видеоролигі Интернетті дүр сілкіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грузияның кітапхана күзетшісінің күйсандықта ойнаған видеоролигі Интернетті дүр сілкіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Грузинское телевидение аккаунты 16 сәуір күні Интернетке қызықты видео жариялады. Роликтен күзет киімін киген ер адамның рояльда өте шебер ойнап отқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында "Ең бастысы ол өзін түсіріп жатқанын білмейді. Ол рояльда сүйсініп ойнауда", - делінген. Айта кетейік, видео бір күннің ішінде мыңнан астам көрілім жинап үлгерді. Сонымен қатар, видеоролик жұлдызының аты Омар Церетели екені белгілі болды.

Интернетте Париж әуежайында түсірілген тағы бір қызықты видео бар. Роликте Шетел легионы солдаты достарының өтінішімен пианиноға отырып, грузин әнін орындайды.

Келесі ролик те әуежайда түсірілген. Видеода Маан Хамед есімді ливиялық пианист Бетховеннің "К Элизе" шығармасы мен "Титаник" кинофильмінен My heart will go on әуенін авторлық өңдеумен орындайды. 

Соңғы роликте біз тағы бір пианистің орындауындағы тамаша туындыны ұсынамыз. Видео 2014 жылдың қаңтарында Киев майданындағы полицейлер мен көтерілісшілердің қақтығысы кезінде түсірілген. Бұл ролик осындай ауыр  жағдайда да ғажайыпқа орын бар екенінің дәлелі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети