Құмырсқалардың iPhone смартфонын айнала жүрген видеосы қызу талқыға түсті

11 Наурыз, 10:01
0
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

iPhone смартфонын айнала жүрген құмырсқалардың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады Lenta.ru.

Қоңырауы шырылдап жатқан смартфонды топталып, айнала жүрген құмырсқалар желі қолданушыларын таңғалдырды. Ролик YouTube каналда жарияланды.

"Кадрдан смартфонның жанында жүрген жәндіктерді көруге болады, ал ол шырылдай бастағанда құмырсқалар тізіліп, "хормен жүре" бастады", - делінген жарияланымда.

Пікір қалдырғандардың бір сыпырасы бұл вибрацияның әсері деп жазды. Енді біреулер бұл магниттік толқыннан десе, кейбір қолданушылар жәндіктердің өзге мелодияға әсерін тексеріп көргілері келді, ал енді бір топ бұл видеоға мүлде сенбейтінін білдірді. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай