Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер авторларына айыппұл салынды

24 Қыркүйек 2014, 12:38
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Пушкин мен Құрманғазының сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер авторлары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 349-бабының 1-бөлігі - "Қазақстанда жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану" бойынша айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Үкім Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шығарылды. Сот Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің бас директоры Дария Хамитжанованы 129 640 теңге (70 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуге, ал оның агенттігін 185 200 теңге (100 АЕК) төлеуге міндеттеді. Қаулыға шағым келтіруге болады.

Айта кетейік, сот отырысы барысында жауапкерлердің адвокаты Алматы қалалық жастар саясаты басқармасында агенттіктің бұл жарнаманы таратқанына дәлел болатын айғақтардың жоқ екенін мәлімдеді. Қорғаушы тараптың мәліметінше, әлеуметтік желіде принтті компанияға қатысы жоқ Facebook қолданушыларының бірі жариялады. Принтті содан кейін бұқаралық ақпарат құралдары көшіріп жариялады. Прокурор сотта компанияға 120 АЕК көлемінде, ал агенттік басшыларына 80 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жазасын беруді сұрады.

Хамитжанова болса, жазаға дайын екенін, бірақ соттың бірнеше сағат ішінде, жылдам өткеніне таңданыс білдірді. Ол жарнама агенттігі келешекте басқа принттерді әзірлегелі отырғанын айтты. Келесі жұмыс балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы мәселесіне арналмақ.

Еске сала кетейік, "Студия 69" клубын жарнамалайтын постер Орталық Азия жарнама жасаушылары арасында өткен Red Jolbors Fest байқауынан кейін танымал болған еді. Бұл жұмыс "Сыртқы жарнама" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алған. Бұдан соң жұртшылық арасында наразылық басталды. Қоғам қайраткерлері мен блогерлер және Құрманғазының ұрпағы Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағым түсіріп, Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігін әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады. Компания ресми түрде кешірім сұрап, постердің тек байқау үшін ғана жасалғанын айтты. Авторлар постерді басып шығармауға, еш жерге орналастырылмауға және жарияламауға уәде берді. Ал "Студия 69" клубы болса, бұл постерге біздің еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Мұндай жарнамаға тапсырыс бермегенін айтқан клуб өкілдері осы жарияланымдар үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен соттасуға ниетті екенін жеткізді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай