08 ақпан 2015 17:01

КВН ойындарының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Муратов. ©1001.ru Сергей Муратов. ©1001.ru

8 ақпанда Мәскеуде көңілді тапқырлар клубы телевизиялық ойынының құрушылардың бірі (КВН),  документалист және киносыншы Сергей Муратов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Эхо Москвы" радиостанциясы ММУ телеарна және радиотарату кафедрасының доценті Галина Перепечинаға сілтеме жасап.

КВН ойындарын құрушылардың бірі 83 жасында қайтыс болды. Перепечина соңғы жылдары оның денсаулығы күрт нашарлап кеткенін хабарлады. Сергей Муратов 1968 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің телеарна кафедрасында оқытушы болды. Ол - Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, Ресей телеарналар академиясының мүшесі, Ресейдің "Ника" кинематографистер академиясының және Журналистер одағының мүшесі. Сонымен қатар, Муратов Ресейдің кинотанушылар мен киносыншылардың Гилдия сыйлығының лауреаты.

Еске сала кетейік, Көңілді тапқырлар клубы - танымал телевизиялық әзіл-сықақ ойындары. Бұл ойындарда түрлі ұжымдардан құрылған командалар (оқу мекемелері, жоғары оқу орындары) қойылған сұрақтарға тапқыр әрі әзілге толы жауап беруден, берілген тақырыпқа сурысып-салма өнерінен, алдын-ала дайындалған қойылымдарды көрсетуден жарысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети