04 шілде 2016 10:12

Қырғызстан президенті гитарамен ән айтып, әлеуметтік желіні жаулап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің авторлық "Судьбе назло" әнін орындап, Желі қолданушыларын жаулап алды. You Tube желісіне жүктелген әннің алғысөзінде Атамбаев бұл әннің оған кез келген қиындықтарды жеңуге көмектескенін айтты.


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің авторлық "Судьбе назло" әнін орындап, Желі қолданушыларын жаулап алды. You Tube желісіне жүктелген әннің алғысөзінде Атамбаев бұл әннің оған кез келген қиындықтарды жеңуге көмектескенін айтты.

Президенттің баспасөз қызметінің басшысы Алмаз Үсенов Sputnik Қырғызстан тілшісіне видеода Алмазбек Атамбаевтың даусы екенін растады. "Ол әннің сөзі мен әнін өзі жазды, әнді гитараның сүйемелдеуімен өзі орындады. Біздің білуімізше, бұл видеожазба осыдан екі ай бұрын түсірілген", - деді Үсенов.

Видео режиссер Мелис Убукеевтің "Провинциальный роман" фильмінің үзіндісінен құралған.

Қырғызстан президентінің әнін әлеуметтік желі қолданушылары таңданыспен қабыл алды. Міне, тыңдармандардың осы әнге айтқан пікірлері:

"Біреуі оқымысты, екіншісі билеп жатыр, үшіншісі болса жазып, ән де айтып жатыр! Егер бұл әнді расында да біздің Президент орындаса, бұл жақсы ән!" - деп жазды Азат Тәжиев.

"Президент, мен сізге ғашық болып қалдым!!! Қандай керемет ән!!!" - деп жазды қолданушы ZhanLyazzat Akhmetova.

"Oh. My. God. Бұл нағыз ән. Ешқашан да Алмазды осындай дарынды деп ойламаппын", - деп жазды Санкт-Петербургтен Роман Назмутдинов.

"Президент Алмазбек Атамбаев көбінесе өзін қоғамға ақын ретінде көрсетіп жатыр. Жақсы ақын", - деп атап өтті Нұрлан Әбдіқадыров.

"Бәрекелді, Алмаз Шәршенұлы! Сіздің әніңізді тыңдағанда, көз алдыма басымнан өткен қиын сәттер келді... Сіздікі дұрыс емес деп немесе әнді дұрыс орындамады деп айтатын сыншылар да табылады. Мұның бәрі көреалмаушылық. Біз бір-бірімізді сыйлап, бір-біріміздің еңбегімізді құрметтеуіміз қажет. Әрбір адамның жақсы қырлары болады, бірақ оны біреулер көреді, ал біреулер көрмеген сияқты кейіп танытады. Сізге сәттілік, өмір жасыңыз ұзақ болсын!" - деп жазды Бема Рамилқызы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети