Қысқа шорт киген қыз бакулік "ұятмендердің" ашуын келтірді

21 Маусым, 09:04
0

Әзірбайжанның әлеуметтік желілерінде Баку метросында түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Онда қысқа шорт киген қызға жергілікті "ұятмендер" тәртіп үйретпекші болған, - деп жазады 1news.az.

"Бастапқыда қыз бен оған қарама-қарсы отырған қыздың арасында жанжал туады, ер адам қоғамдық орында ашық киінген қызға тәрбие бермекші болған, содан кейін араға әйел адам түсіп, оның ойын күшпен өзгертуге тырысады", - делінген мақалада.

Басылымның жазуынша, қыз да қарап тұрған жоқ, айтарын айтып қалып жатты: "Жігітке де өз мәнерінде жауап беріп, әйелге де төтеп бере білді".

Жарияланым авторы өз елінде неге мүлдем бөтен адамды тәрбиеге салу қалыпты жағдай саналатынын айтып, таңданады.

"Жоқ, құрметтілерім, бұл қалыпты жағдай емес. Зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды айтпағанның өзінде әрбір адам қандай киіммен кисе де өз еркі, ХХІ ғасырда мұндай жағдайды қалыпты деп бағалау қиын. Біреулер ғарышға шаттлдарды ұшырып, Марсты зерттеп, қатерлі ісіктен дәрі-дәрмек табуға ұмтылып жатса, біздікілер кімнің не киіп жүргенін талқылап жүр...", - дейді ол

 

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай