06 ақпан 2015 21:58

Қытай қазағы 8 келіге жуық таза алтын тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sciteclibrary.ru сайтынан Фото sciteclibrary.ru сайтынан

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын қазақ 7,85 келі болатын таза алтын тауып алды, - деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.


Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын қазақ 7,85 келі болатын таза алтын тауып алды, - деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.

Шыңжаңның Іле Қазақ автономиялық округінде тұратын Берік Сауыт (Berek Sawut) есімді малшы саф алтынды өткен жұма күні кешкісін жерден тауып алған. Агенттіктің мәліметінше, алтынның тазалығы - 80 пайыз, оның қазіргі нарықтағы бағасы - 1,6 миллион юаньға жуық (255 мың доллар).

Сары алтынның ұзындығы 23 сантиметрге жетеді, қалыңдығы 18 сантиметрдей болады. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы Австралияның оңтүстігінде бір тұрғын салмағы 5,5 келіге жететін алтынды тауып алған еді. Оның ұзындығы - 220 миллиметр, ені - 140 миллиметр. Нарықтағы құны - 315 мың доллар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети