02 желтоқсан 2014 10:11

Қытай магнаты туған ауылының әр отбасына бір вилладан сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миллионер Сюн Шуйхуа. ©mirror.co.uk Миллионер Сюн Шуйхуа. ©mirror.co.uk

Қытайлық мультимиллионер Сюн Шуйхуа өзінің ауылдастарына арнап үй салдырды. Ол Қытайдың оңтүстігінде орналасқан туған ауылының барлық үйлерін бұздырды. Ескі үйлердің орнына ауылда тұратын әр отбасыға арнап ерекше жайлы апартаменттер салып, жолды жаңалады және осының барлығын ол тегін жасады, - деп жазады Daily Mirror.

54 жастағы Сюн өз байлығын құрылыс бизнесі мен металлургиядан тапқан. Дәулеті артқан соң, ол бір кездері өзіне мейіріммен қарағандарға ізгілікпен жауап беруді шешеді. Ол кезінде қалтасында бір тиыны жоқ, қарапайым отбасынан шыққан бала болды.

Ол қарттар мен кедейлерді үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етті.

72 отбасы жаңа апартаменттерге көшіп, жаңа, таза көшелердің қызығын көріп жатыр. 

Өзіне ерекше қайырыммен қараған тағы 18 отбасына, ол бір-бір вилладан сыйлады, олардың жалпы құны 6 миллион доллардан асады.

Сюнның айтуынша, оған мұндай ойды іске асыру қиынға соқпаған, себебі ол өмірінің соңына дейін жарататын қаржыдан да көп ақша тауыпты. Толығырақ мына жерден оқыңыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети