Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытайда басын 70 сантиметрлік жебе тесіп өткен ит тірі қалды

21 Мамыр 2016, 09:06
0
© vesti.ru
© vesti.ru

Қытайда жануарларды қорғаушылар басына 70 сантиметрлік жебе қадалған күйі қаңғырып жүрген итті құтқарды, - деп хабарлайды 24.kz

Оқиға Бейжіңнің солтүстік-шығысында болған. Иттің маңайына адамдар жиналып, оған көмектеспек болады. Алайда жануар адамдардан қорқып, қашып кете береді. Сонымен қатар, ол жебеден құтылмақ болып, жерге сүйкене береді. Адамдар полиция мен ветеринарларды шақырған сәтте ит көрші көшеге қашып кетеді.

Екі сағат өткеннен кейін ит арт-аймақтан табылады. Құтқарушылар оны ұстап, жебенің ұзын ұштарын кесіп тастап, ветеринарлық емханаға жібереді. Жебе иттің тура көзінің үстінен өтіп, сыртқы құлағын зақымдап кеткен. Абырой болғанда миы аман екен. Ветеринарлар итке операция жасап, жебені алып шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл хабарлама әлеуметтік желілер арқылы таратылып, нәтижесінде интернет қолданушылары иттің еміне бір түнде 10000-нан аса юань (1,2 мың АҚШ доллары шамасында) қаражат жинады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай