22 мамыр 2015 11:14

Қытайда құрамына резеңке қосылған жасанды күріш пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© epochtimes.ru © epochtimes.ru

Қытайда құрамына резеңке қосылған жасанды күріш пайда болды, - деп хабарлайды "24.kz".


Қытайда құрамына резеңке қосылған жасанды күріш пайда болды, - деп хабарлайды "24.kz".

Порталдың мәліметінше, картоп пен жасанды резеңкеден өндірілген күріш Шаньси провинциясының базарларында сатылып жатыр. "Жаңа өнім нағыз күрішке қатты ұқсас", деп жазады жергілікті басылымдар. Ал сарапшылар жасанды күріштің денсаулыққа өте зиянды екенін ескертті.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, мұндай "дәнді дақылды" тамаққа пайдаланған адам полиэтилен қалтаны жегенмен бірдей болады. Қауіпті өнім туралы жаңалық тарағаннан кейін, бірқатар азиялық басылым бұл күріштің Индонезия, Үндістан мен Вьетнам нарығына да жіберілгені туралы жарыса жазды. Бірақ бұл елдердің билік өкілдері ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Жасанды күрішті қайнатқан кезде күйген пластиктің иісі шығып, ол ешбір жұмсармайды екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети