Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қытайда студент қыз тәнін сатып саяхат жасамақшы

30 Қазан 2014, 17:39
0
Ю Пэнг. ©weibo.com
Ю Пэнг. ©weibo.com

Қытайда 19 жастағы студент қыз Ю Пэнг бір тиын шығармай саяхат жасауды ұйғарды. Ол көлік жүргізушілері қызметінің ақысын тәнімен өтемек. Мұндай хабарландыруды қыз Weibo әлеуметтік желісінде жариялады, - деп жазады "Корреспондент".

Пэнг өзін барар жеріне көлігімен жол-жөнекей жеткізіп тастаған ер адамдарға тән ләззатын ұсынатынын жазды. Бірақ қыз төсектестеріне талап қойып отыр - ол бойы 1,75 метрден асатын, жасы 30-дан аспаған сымбатты әрі бай ер адам болуы керек. "Олар менің өз қалаларында болуымның трансферін төлеп, мен қонақта болғанда мырзалық танытуы тиіс", - дейді Пэнг.

Студент қыздың айтуынша, ол бұрын Шығыс Қытайда мұндай әдіспен саяхаттап көрген. Енді елдің басқа бөлігін шарлап шықпақшы. "Бұл саяхат автостоп сияқты болады. Ұялатын ештеңе жоқ", - дейді қыз. Бұл хабарландыру әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Олар Пэнгтің әрекетін жезөкшелікті насихаттау деп бағалап, сервис әкімшілігінен хабарландыруды алып тастауды сұрап отыр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай