18 наурыз 2016 13:05

Қызылорда облысында Бен Ладен мен Саддам Хусейн тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Travel.drom.ru © Travel.drom.ru

Қызылорда облысында есімі ерекше балалар тұрады, - деп хабарлайды NewTimes.kz.


Қызылорда облысында есімі ерекше балалар тұрады, - деп хабарлайды NewTimes.kz.

Басылымның мәліметінше, есімі ерекше Бен Ладен Ақсуат ауылында тұрады. Биыл ол 15 жасқа толады. Оқушының анасы баласына мұндай есімнің қойылуына әкесі себепкер болғанын айтты. Ана балаға мұндай есім беруге алғашында қарсы болғанын, кейін келіскенін жеткізді.

Қазір Бен Ладен ауылдағы №143 мектептің 8-ші сыныбында оқиды. Туыстарының айтуынша, бала спортпен айналысады, сабақ үлгерімі де жақсы.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданында да есімі ерекше бала тұрып жатыр. Оны ата-анасы Саддам Хусейн деп атапты.

Айта кетейік, мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет кездесіп отырған жоқ. 2014 жылғы статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 30 Зидан мен 13 Зинедин бар. 10 бала Диего атанса, бес бала Марадонаның құрметіне аталып, төрт балаға Пеле есімі қойылыпты, осынша бала Серхио атанған. Сонымен қатар, елімізде екі Лионель Месси, екі Роналдо мен Икер бар. Ал 2011 жылы Маңғыстау облысында Нью-Йорк есімді нәресте дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында ата-ана баласын Дағдарыс деп атаған. 2012 жылы қазақстандықтардың қатарын Антиятульхади, Сакадин, Есфирь және Инайя толтырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети