Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Қызылорданың өзіне ғана тән "Қызыл кітабы" болады

04 Ақпан 2014, 15:23
0
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Үстіміздегі жылы Қызылорда облысының өзіне ғана тән "Қызыл кітабы" жарық көретін болады. Оған жергілікті жерде мекен ететін жойылып кету қаупі бар және саны жыл өткен сайын азайып бара жатқан аң-құстар мен өсімдіктер енгізіледі. Бұл жайында, Tengrinews.kz тілшісіне Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлім етті.

Экологиялық жағдай салдарынан өңірдің флорасы мен фаунасы біршама азайған. Тіпті, кейбірі жойылудың аз-ақ алдында тұр. Мәселен, ен даланың еркесі атанған елікпен ақбөкеннің саны өте аз. Облыста Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген 70-тен астам өсімдік бар.

2013 жылғы есеп бойынша, Қызылорда облысында 278 бас ақбөкен, 382 бас елік, 888 бас қарақұйрық бар екені анықталып отыр. Әрине, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қасқалдақ, үйрек пен қаз саны бұлай кеми қоймағанымен, жылдан-жылға олардың да саны азайғаны байқалып келеді. Облыстың "Қызыл кітабын" шығарушылар "Осы жағын ескеріп отырмыз", - дейді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай