04 мамыр 2014 21:30

Іле өзені бойындағы "Тамғалы Тас" фестиваліне шамамен 6 мыңға жуық қонақ барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 және 3 мамыр аралығында өткен "Тамғалы Тас" фестиваліне Алматы облысынан шамамен 6 мыңға жуық қонақ қатысты. ©Владимир Прокопенко 1 және 3 мамыр аралығында өткен "Тамғалы Тас" фестиваліне Алматы облысынан шамамен 6 мыңға жуық қонақ қатысты. ©Владимир Прокопенко

Алматы облысында осымен екінші рет "Тамғалы Тас" отандық ірі экотуризм фестивалі өтті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында осымен екінші рет "Тамғалы Тас" отандық ірі экотуризм фестивалі өтті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

1 және 3 мамыр аралығында Тамғалы шатқалында өткен үшкүндік ірі фестивальге Алматыдан, Талдықорғаннан, Текеліден және Алматы облысының басқа қаларынан шамамен 6 мыңға жуық адам келді. Фестивальде жарқ етіп көзге түскен шара мотоцикль мен "Эндуро" квадроциклдерінің ойқастаған түрлі трюкі болды. Бұл шараға қатысушылар өте жоғары жылдамдықта трассамен биік төбешіктерді еңсеріп, бірден құлдилай жөнелетін жолдарда, трамплин мен лабиринттерде өз өнерін көрсетуі тиіс болды. Көрермендер, әсіресе бала сайыпқырандар жарысын айырықша қолдады. Балалар суретімен әспеттелген кішкене мотоциклдер мен квадроциклдер қиын жолдарды үлкендерден кем түспей қиып, тамаша өнер көрсетті.

Осы кезеңде Іле жағалауындағы "Тамғалы Тас" фестиваліне Іле-Балқаш қайық жарысына қатысушылар келіп қосылды. Спортшылар бір ай бойы Іле өзенін қайықпен, сал арқылы жүзіп өтуі тиіс. Олар қазақ-қытай шекарасынан жүзуді бастап, Балқаш көліне барып мәре сызығын кесуі керек. Балқаштағы қайық жарысына қатысушылар мәреге жеткеннен соң 14 пен 25 маусым аралығында желқайық спорты бойынша әлем чемпионаты басталатынын еске сала кетелік.

Сондай-ақ "Тамғалы Тас" фестивалінде киіз үйлер қалашығында қолөнершілер мен ұсталар шеберліктерін көрсетті. Демалушылар қазақша күрестен күш сынасып, йогамен айналысып, арнайы алаңдарда жағажай футболы мен волейболын ойнап, уақытын жақсы өткізуге мүмкіндік алды. "Тамғалы Тас" фестивалі аясында дәстүрге сай тау-тасқа өрмелеуден сайыс өтті.

Әр кеш сайын фестиваль қонақтарына музыкалық топтар мен диджейлердің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып отырды. Ашық аспан астындағы жанды әуен күні бойғы шаршауды басуға таптырмас нәрсе сынды. Ал дала фестивалі асханасы аясында даярланған палау мен шашлыққа тойған халық кешкісін биге барын салды.

"Тамғалы Тас" фестивалін ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылы шара деңгейі алдыңғысынан жоғары болды. Былтырғы жіберілген қателіктер жойылған, әсіресе музыкалық бағдарлама мен лагерді орналастыруға байланысты. "Биыл да есепке алынбай қалған нәрселер болды. Жалпылай алғанда, қонақтардың көңілі тоқ қайтты. Оларға өте ұнады. 70 пайызға біз де қанағаттандық. Келесі жылы биылғысынан да жақсы ете түсеміз" дейді "Тамғалы Тас" фестивалін ұйымдастырушы Тимур Елеусізов.

Еске сала кетелік, алғаш рет "Тамғалы Тас" фекстивалі Алматы облысында 2013 жылы өтті. Ол кезде даланың ең дәмді шашлығы мен палауы сайысына қатысушылар қонақтарға шамамен әртүрлі 300 келі қуырылған ет ұсынды. Туристер шашлықтан ауыз тиіп, ұнағанына өз дауысын беріп жатты. Ал қарны тоймай қалғандар киіз үйде бешбармақ жеді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети