Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Маңғыстау облысында үй жануарларына арналған қонақүй ашылды

13 Қазан 2015, 10:51
0
© tumba.kz
© tumba.kz

Ақшұқыр ауылында үй жануарларына арналған қонақүй ашылды, - деп хабарлайды "Тумба.kz".

Порталдың мәліметінше, үй жануарларының уақытша баспанасы малдәрігерлік емхана жанынан бой көтерген. Мұнда жануарларды дәрігерге қаратып қана қоймай, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, ота жасауға да болады.

"Үй жануарларына арналған 6 тор бөлмелі қонақ үйде ауыл тұрғындарының ит пен мысығын, құстарын сенімді қолдарға қалдырып, алыс сапарға алаңсыз аттануы үшін барлық жағдай жасалған", - делінген жарияланымда. 

Емхана басшысы Алина Шәріпованың айтуынша, алдағы уақытта тор бөлмелелердің санын арттыру көзделген.

"Біздің мақсатымыз табыс табу ғана емес, ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. Тұрғындар үй жануарларын уақытша қалдырып кете алады. Ауырып қалған жағдайда да осында жатқызып емдейміз. Енді келешекте тор бөлмелердің санын көбейтіп, түйе, жылқы секілді ірі қараларды да емдеуді қолға алмақпыз", - дейді ол. 

Айта кетейік, малдәрігерлік емханада тұрғындар үй жануарларын ветеринарға қаратып, түрлі ауруларға қарсы екпе салдырта алады. Зертхана және рентген, ультрадыбыстық зерттеу бөлмесі де бар. Тіпті, жан-жануарларға ота да жасалады.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай