Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Манхэттенде "люкс" санатындағы киіз үй пайда болды

26 Шілде 2016, 12:18
0
© @josemocha/Twitter
© @josemocha/Twitter

Манхэттенде "люкс" санатындағы киіз үй пайда болды. Онда бір күн түнеп шығу құны екі мың доллар тұрады - бұл дегеніміз элиталық қонақүйдің номерінен әлдеқайда қымбатырақ.

Мұның басты себебі, бұл қонақүй Орта Азия халықтарының салт дәстүрі бойынша салынған. 

Киіз үй терассада қаланың адамдар көп шоғырланған жерінде орналасқан. Алайда, дизайнер Кимберли Винтроптың айтуынша бірегей құрылымда дыбыс өткізбейтін құрылғылар орнатылған және сол себепті зулаған көліктердің даусы қонақтардың алаңсыз ұйықтауына кедергі келтірмейді.

Киіз үйдің артында алаңқай бар, онда сіз көрпелерде жата аласыз және от жағып, орта азиялық кемпинг ұйымдастыра аласыз.

Жоба авторларының айтуынша, мұндай қонақүйді жасауды оларға Калифорнияда өткен Коачелла музыкалық фестивалінен көрген.

W Hotel қонақүйі қараша айына дейін жұмыс істейді. Нью-Йорк тұрғыны қонақүйдің суреттерімен әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр. Бағасының қымбат екендігіне қарамастан, бұл қонақүй бос тұрады деу қиын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай