Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Меккедегі эпидемия қажылыққа кедергі бола ала ма?

30 Шілде 2014, 15:52
0
emil2012.livejournal.com
emil2012.livejournal.com

Қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана І парызын өтей алады. Шариғат кiтаптарында: «Бас бостандығы бар, балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс, денi-басы сау адамға қажылыққа бару парыз» делiне отырып, «қажыға баратын жол қауiп-қатерсiз, оған азық-түлiгi, көлiгi немесе көлiк жалдауға қаражаты болуы керек екендiгi және үлкен сапарға аттанған кiсiнiң үйiнде қалған отбасы тарығып қалмайтындай нәпақамен қамтамасыз етiлуi де шарт», - деп көрсетiлген.

Қажылық – арнайы уақытта яғни қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зүлхижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы мекенде, яғни Сауд Арабиясының Мекке қаласында табылып, арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Кағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiну ләзiм.

Биылғы жылы мұсылмандықтың бес парызының бірі – Меккеге қажылыққа бару сапары 26 кыркүйек пен 16 қазан аралығында амалға асырылуы тиіс.

Алайда, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы – Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ел азаматтарына қажылыққа барудан қазірше бастартуға кеңес беріп отыр. Өйткені Араб елдерінде коронавирус таяушығыс респираторлық синдромы етек жаюда. Жандарбек Бекшиннің мәліметіне қарағанда, жұқпалы індеттің көп тараған жері – Сауд Арабиясы. Ол елде індет тырнағына іліккендер саны 414 адамға жеткен. Ал олардың 115-сі ажал құшқан. Қазіргі кезде әлем бойынша жұқпалы індет жұқтырудың 700-ге жуық дерегі тіркелген. Оның 300 жағдайында науқас жарық дүниемен қош айтысқан. Жұқпалы ауру Кувейт пен Катар елдерінде де тіркелген. Сонымен қатар, індет жұқтыру дерегі Ұлыбритания, Франция және Америка құрлығында да анықталған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай