Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мексикада тікелей эфир кезінде журналисті көлік қағып кетті

03 Қазан 2015, 11:40
0
YouTube видеосынан алынған скриншот
YouTube видеосынан алынған скриншот

Мексикада тікелей эфир кезінде журналисті көлік қағып кетті, - деп хабарлайды MIGnews.ru. Оқиға жергілікті Chivas пен Club America командаларының арасындағы футбол матчы барысында болды.

Fox Sports телеарнасының журналисі тікелей эфирде тележүргізушімен сөйлесіп тұрған. Бір кезде Дэвид Медрано кадрдан жоқ болып кетті. Кейін оны көліктің қағып кеткені белгілі болды. Телеарна өкілдері тілшінің қатты қорқып кеткенін, бірақ зардап шекпегенін хабарлады. Бірнеше күннің ішінде видеоны миллионға жуық адам көрген.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға жылдың басында болған еді. Ол кезде OK Radio грек радиостанциясының спорт бағдарламасының рекдакторы Яннис Калояннисті Грекияның Ларис қаласында тікелей эфирде белгісіз біреу пышақтап кетті. Студияға баса-көктеп кірген ер адам журналисті қорқытып, арқасына пышақ салады да, қашып кетеді. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскер студияға кіріп, пышақты столға бір қағып кіргізеді. Кейін былай дейді: "Яннис, біз қазір бағдарламаны жалғастырамыз немесе сендердің станцияларың бұдан былай жұмысын тоқтатады. Бағдарлама жалғасын табады деп жарияла". Жауап естімеген ол редакторды бірден пышақтайды. Алған жарақатына қарамастан, Калояннис бағдарламаны дұрыстап аяқтау үшін 7-10 минут бойы жүргізе береді. Ал орындықтан тұрған кезінде денесі түгелдей қан бөккен. Пышақталған журналист ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы жәрдем көрсетілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай