21 маусым 2017 14:20

Мемлекет тұлғаларының есімі берілген әлемдік әуежайлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Әуежайларға президент немесе көрнекті мемлекеттік және мәдениет қайраткерлерінің есімін беру барлық жерде бар. Мәселен, АҚШ-та көптеген әуежайлар мен айлақтарға президенттердің аты берілген. Ең белгілілерінің бірі Нью-Йорктегі әуежай. Ол 35-ші президент Джон Кеннедидің атымен аталған. Мұның алдында әуежай орнында гольф алаңы болған, соған байланысты әуежайдың аты да Айдлуауйлд еді. 


Әуежайларға президент немесе көрнекті мемлекеттік және мәдениет қайраткерлерінің есімін беру барлық жерде бар. Мәселен, АҚШ-та көптеген әуежайлар мен айлақтарға президенттердің аты берілген. Ең белгілілерінің бірі Нью-Йорктегі әуежай. Ол 35-ші президент Джон Кеннедидің атымен аталған. Мұның алдында әуежай орнында гольф алаңы болған, соған байланысты әуежайдың аты да Айдлуауйлд еді. 

Еуропаның ірі әуежайларының бірі - Париждегі үш әуе айлағының бірі - бесінші республиканың бірінші президенті Шарль-де-Голльдің атымен аталған. Жолаушылар қабылдау мүмкіндігі жылына 63 миллион адам.

Индонезия астанасы Джакартадағы әуежайға бірден екі адамның аты берілген - бірінші президенті Ахмед Сукарно және бірінші вице-президент Мохамед Хаттаның. Әуежай 1985 жылы ашылды, ол кезде бұл саясаткерлер көз жұмған болатын.


Джон Кеннеди атындағы әуежай. © airport-jfk.com

Ыстамбұл әуежайлары әлемдегі ескі әуе айлақтарының қатарында. Олардың біріне Түрік Республикасының тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік, екіншісі тұңғыш әйел әскери ұшқыш - Сабиха Гёкченнің атымен аталған. Ол Ататүрктің асыранды сегіз қызының бірі болған. Оның соғыста жалпы ұшқан уақыты 32 сағат. Тек соғыс аяқталғаннан кейін Гёкчен ұшақтың 22 түрін меңгеріп, әуеде өткізген жалпы уақытын 8 000 сағатқа жеткізген. 


Шарль де Голль атындағы әуежай. © сайта en.avia.pro

Ал енді бұрынғы кеңес елдеріне келсек, Бакудегі халықаралық әуежайға Гейдар Әлиевтің аты берілген. Бұл әуе айлағының аты бұрын "Бина" болған, елдің тұңғыш президентінің аты оған 2004 жылы берілді. 6 миллион адамға қызмет көрсете алатын бұл әуежайға қазақстандық Air Astana және Scat әуе компаниялары Астана, Алматы, Ақтау мен Атыраудан рейстер ашылған.


Ахмед Сукарно атындағы әуежай. © avia.pro

Түрікменстан астанасы - Ашхабадтың әуежайына Сапармұрат Ниязовтың аты берілген. 2016 жылы Ашхабадта құс пішінінде тағы бір әуежай ашылып, тұңғыш президент аты ресми құжаттарда жазылмайтын болғанын айта кету керек. 


Мустафа Кемал атындағы әуежай. © ataturkairport.com

Әуе айлақтарына тек саяси қайраткерлер ғанан емес, ғарышкерлердің де аты беріледі. Мұндай жағдай көршілес Ресейде әсіресе көп. Мәселен, Орынбордағы әуежайға Юрий Гагариннің аты берілген. Ал Кемероводағы әуежайдың атауы Алексей Леоновтың құрметіне аталған.


 Вацлав Гавел атындағы әуежай. © nicoletta.ru

Сонымен қатар, әуежайларға мәдениет қайраткерлерінің есімдері де қойылады. Осылайша, Аустриядағы Зальбург қаласының әуежайы осы қалада туған Вольфганг Амадей Моцарт атымен аталған.

Варшавадағы әуежайға Фредерик Шопеннің аты берілген.

Ал жақын уақытта болған музыканттар атына мысал келтірсек, Ливерпульдегі әуежайлардың біріне Джон Ленонның аты берілген. Ал терминалдардың бірінің төбесіне оның орындаған әнінің аты жазылған - Above us only sky (Төбемізде аспан ғана). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети