Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мұғалімдерге жаным ашиды

19 Қазан 2014, 18:19
0
©Нұрғиса Елеубеков (фото)
©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Соңғы кездері мұғалімдердің қағазбастылығы мәселесі аз айтылып жүрген жоқ. Заманауи сабақ беру үлгілері қалыптасып, электронды бағытқа көшіп жатқан уақытта ұстаздар неге қағазға көміліп отырады? Олардың біразы «оңашада» ондай мәселе бар екенін тізбелеп айтып мойындағанымен, газет тілшісіне өз ойларын айтудан бас тартты. Дегенмен, батылдық танытып, өз пікірін ашық ортаға салған бір ұстаздың пікіріне назар аударайық.

Анар Ешимова, Орал қалалық №1 орта мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:

– Шыны керек, қазір іспен көрінуден гөрі қағаз жазып, есеп беру кең етек алды. Ісіңнен бұрын қағаздарың сай, барлығы ұқыпты толтырылып, жазылып тұрса жақсы-ақ. болғаны. Елбасымыз бұл жайында: "Ұстаздар бала оқытудың орнына қағаз жазады. Сонда олар қашан жұмыс істейді?" - деп қоғамды қағазбастылықтан арылуға үндеді емес пе?

Мектептегі қағазбастылықтың салдарынан бүгінгі ұстаз қағазбасты кеңсе қызметкері сияқты. Ұстаздардың өз бетінше ізденіп, білімін жетілдіруіне уақыт тапшы. Қағазбастылықты азайту мақсатында мектептердің барлығы компьютерлендірілді. Сөйтсе де, жағдай әлі түзелген жоқ. Мұғалімдер таңертеңнен кешке дейін неше түрлі үлгіде құжат толтырады. Оқушының жеке картасы, мұғалімнің сапалық құрамы, үй аралау, оқушылардың келіп-кетуі, жазда қайда демалатыны сықылды толып жатқан бітпейтін есептер. Бұл кейде адамды қажытып жібереді. Сонымен қатар мұғалімдер 0-18 жас аралығындағы балаларды есепке алу мақсатында үй аралайды. Сол кезде өміріне қауіп туғызатын сәттерге де тап болып жатады. Осындай жағдайда ұстаздың жеткен жетістігі, оқушылардың олимпиададан орын алуы, іскерлігі, шығармашылығы сұралып жатады. Ертеңгі күнгі сабаққа әзірленетін уақыты жоқ мұғалімде қандай жетістік болсын. Мұғалім жұмыс істеп, оқушыға баса назар аударғанда ғана жетістікке қол жеткізе алады. Ал өзінің не істеп, не қойғанын жазып отырған мұғалімде қандай жетістік болуы мүмкін? Қорыта келгенде айтарым, қағазбастылық білім сапасының төмендеуіне, мұғалімнің кәсіби тұрғыдан өспеуіне, шығармашылықпен жұмыстанбауына, оқушы жетістігінің төмендеуіне, ең соңында ҰБТ-де оқушы өз білімін қорғай алмауына әкеледі. Мұның бәрі сапасыз берілген білімнің көрсеткіші.

Тәжірибелі ұстаздың бұл ойына білім саласы атқамінерлерінің айтар өз уәжі бар. 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай