11 қазан 2018 14:43

"Мұндайды тіпті армандай алмаймын". Астаналық студент оқуын АҚШ-та жалғастыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекжан Мұратбеков. Бекжан Мұратбеков.

Астаналық студент Гарвард университетінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IQ Kazakhstan ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астаналық студент Гарвард университетінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IQ Kazakhstan ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Америкада оқуын жалғастыру мүмкіндігін алған жігіт Қазақ технология және бизнес университетінің студенті Бекжан Мұратбеков. Бұл жетістігіне ол әлі де сене алмай жүрген көрінеді.

"Мен мұны күткен жоқпын, тіпті армандай алмаймын. Әрине, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мазасыздық бар, өйткені мен ешқашан шетелде болмаған едім, мұхиттың арғы жағында болу мен үшін біраз жат сияқты. Мен ол жақтағы өмірдің және адамдардың қандай екенін де білмеймін", - дейді Бекжан.

Айта кетейік, Бекжан Мұратбеков Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Егінсу ауылында дүниеге келген. Жергілікті ауылдағы орта мектепті бітіріп, Астана қаласының университеттерінің біріне грантқа түскен. Сонымен қатар, ол зияткерлік көрсеткіші жоғары адамдарға арналған "IQ Қазақстан" ұйымына мүше болған.

"Ұйым Кеңесі ұйымның мүшелеріне ұйым есебінен Америкадағы үздік университеттердің бірінде оқуға мүмкіндік беретін New life Kazakhstan жобасын іске қосты. Бағдарламаның жеңімпазы ретінде Бекжан ұсынылды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети