09 маусым 2015 16:48

Назарбаевты видеоға түсіріп алған қыз: Мен жай ғана әсершіл адаммын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоғжан Хафисқызы. © Жеке мұрағатынан Тоғжан Хафисқызы. © Жеке мұрағатынан

Әлеуметтік желілерде кеңінен таралған видеоның кейіпкері болған Астана тұрғыны Тоғжан Хафисқызы іс-әрекетінің негізгі мақсатын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде кеңінен таралған видеоның кейіпкері болған Астана тұрғыны Тоғжан Хафисқызы іс-әрекетінің негізгі мақсатын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"МУЗ-ТВ-2015. Гравитация" рәсімінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Өмірге қосқан үлесі үшін" жүлдесі берілді. Кейін әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының рәсім кезінде залдан өтіп бара жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Видеоны түсіріп тұрған қыз оған: "Біз сізді жақсы көреміз!", - деп айғайлады. Мұны естіген Президент бұрылып, жауап ретінде қолын бұлғады. Өзін бақытты сезінген қыз камераға қарап: "Ол мені естіді!", - деді. Видео Интернетте "Қыздың арманы орындалды" деген атаумен түрлі аккаунттан жарияланды.

Тоғжан Хафисқызының айтуынша, ол кешке кездейсоқ барған. "Мен рәсімге барамын деп ойлаған жоқпын, кенеттен баруды ұйғарып, сағат 10-да билет сатып алдым. Президенттің болатынын білгем жоқ. Барған кезде орын іздеп тұрмадым, бірден жұлдыздар өтетін жерге барып тұра қалдым. Күзетшіден: Өтіп кетуге бола ма?, - деп сұрадым. Ол мені аздап итерді, Президенттің келе жатқанын түсіндім. Мен оның жанкүйерімін, Президентті қатты жақсы көремін. Кішкентай кезімнен бері оған атам сияқты қарадым. Астанаға көшіп келген кезімізде мен: Президентті үйге шақырамын, мен мұнда тек соны ғана танимын, - дедім. Ол кейін отбасымызда қалжыңға айналды", - деді ол.

"Сахнадан түсіп келе жатқан кезде ол бізді елейді деп ойлағам жоқ. Қызумен жақсы көретінімді айтып, айғайладым. Видеоны да танымал болады деп ойлаған жоқпын. Мен видеоны Интернетте жай ғана жариялаған болатынмын", - деді Тоғжан.

Қыздың айтуынша, оған таныстары Қазнеттің жұлдызы болдың деп қалжыңдайды екен. Тоғжан әшекей бұйымдар дайындаумен айналысатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети