07 сәуір 2015 17:13

Назарбаевтың баспасөз хатшысы фильмдегі сурет туралы: Қара ниетті көріп тұрған жоқпыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жалғыз жүректер" фильмінің фрагменті. "Жалғыз жүректер" фильмінің фрагменті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ресейлік телевизиядан көрсетілген сериалдардың біріндегі Президент отбасының суретіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ресейлік телевизиядан көрсетілген сериалдардың біріндегі Президент отбасының суретіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл киноөнімді дайындаған адамдардың анық біліксіздігі. Біз бұл жерде телеарна мен сериалды шығарғандар тарапынан ешқандай қара ниетті көріп тұрған жоқпыз. Кинокомпания бізден кешірім сұраған жоқ және біз де талап етпедік. Бұл деректі БАҚ-тан білдік. Өз басым бұл сериалдарды көрген жоқпын. Иә, менің ойымша, бұл қызметкерлердің немқұрайдылығы. Фильмге қосымша жарнама жасаумен айналыспаймыз", - деді Абаев, тілшінің сұрағына жауап беріп.

Ресей телевизиясының тапсырысы бойынша Украина кинокомпаниясы түсірген сериал 2013 жылы экранға шықты. Қойылымдардың бірінде фильмнің кейіпкері Тәжікстанда қалған өзінің отбасы туралы әңгімелеп, түпнұсқасында Қазақстан Президентінің отбасы бейнеленген суретті көрсетеді. Суреттің түпнұсқасында Мемлекет басшысы дәл ортасында тұр. Фильмде ол Рахым атаға өзгертілген, алайда фильмдегі суретте Назарбаевтың жұбайы, қыздары мен немерелері бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети