Нидерланды тұрғыны қызын төрт минутта "есейтті"

15 Сәуір 2014, 15:38
0
©Frans Hofmeester
©Frans Hofmeester

Нидерланды тұрғыны өз қызының 14 жасқа дейінгі өсіп-жетілуін төрт минуттық бейнежазбаға сыйғызды, - деп хабарлайды Metrо.

Франц Хофмистер қызы Лотте дүниеге келгеннен бастап, әр апта сайын оны бейнекамераға түсіріп отырған. Қыз 14 жасқа келгенде Франц видеоны монтаждап, төрт минуттық ролик етіп шығарды. Бейнероликтен кішкентай ғана сәбидің бірте-бірте есейіп, әп-сәтте жасөспірімге айналғанын тамашалауға болады.

Еске салайық, былтыр америкалық режиссер кішкентай қыз баланың қалай қарияға айналатынын бес минуттық бейнежазбамен көрсеткен болатын. Режиссер ол үшін ұзақ уақыт бойы бір отбасындағы әйел адамдардың фотосуреттерін жинастырған.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай