14 қыркүйек 2017 20:33

"Нөмірімді берейін бе?". Назарбаев смартфонды қандай жағдайда қолданатыны жайлы сұраққа әзілмен жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай жағдайларда смартфон мен интернет қолдатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай жағдайларда смартфон мен интернет қолдатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордадағы баспасөз мәслихаты кезінде "Еуразия" Бірінші арнасының тілшісі Юлия Ласеева кеше ғана Мемлекет басшысының қазақстандықтарды смартфон үйренуге шақырғанын еске салып, Нұрсұлтан Назарбаевқа былай деп сұрақ қойды: "Өзіңізді смарфтон қолдана аламын деп есептейсіз бе және құпия болмаса қандай қосымшаларды қолданасыз?". 

"Әрине, қараймын, жұмыс істеймін, sms қабылдаймын, телефон нөмірімді берейін бе?", - деп әзілдеп жауап берді Елбасы. Осы жауаптан кейін залдағылар күлді. Алайда ары қарай Президент әзілсіз жауап қатты: "Шынымды айтсам, қызығып қолдануға мүмкіндік бола бермейді. Алайда заманауи құрылғыларды қолданып, Интернетке кіру керек. Алайда өзіме қажетті мәліметтің бәрі бар. Қажет кезінде ғана іздей бастаймын. Өз заманымызда қарауға емес, оқуға үйренгенбіз, жастар қазір сол жақта отырады. Жастардың кітап оқымайтыны өкінішті, біздің кезде бәрі оқитын едік", - деп атап өтті Елбасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети