Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушысынан сыйлық алды

08 Желтоқсан 2015, 13:01
5
© akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушысынан сыйлық алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқушы Елбасының суретін салып, жолдаған.

"Өскемен қаласының 1-сынып оқушысы Ә.Қадырбековтің құттықтауы", - делінген Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанда Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. 

Елбасына хат жазатындар жетерлік. Мысалы, Астана тұрғыны Айгүл Пірменова биыл шілдеде Мемлекет басшысына хат жазған. Ол хатында үшемнің туылуына байланысты баспана алуға қолғабыс етуін сұрапты. Үшемге дейін әйелдің тағы үш баласы болған. Кейін ол тағы бір хат жазды. Бұл жолғы хатында ол өзіне пәтердің берілгенін айтып, қиын күндерде жәрдемдескені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жолдаған.

Өткен жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін туған күніне шақырған 10 жастағы баланың хатына жауап берген болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай