Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Олимпиада чемпиондары пәтерлерін жалға беріп қойыпты

25 Шілде 2014, 13:27
0
thenews.kz фото
thenews.kz фото

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло өздеріне сыйланған пәтерлерді жалға беріп қойған екен, деп жазады "Алаш айнасы" газеті.

Олимпиада ойындарында топ жарғаны үшін сыйлық ретінде алған пәтерлерін ауыр атлеттер – Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Владимир Седов жалға беріп қойған. Мұндай ақпаратты спортшылардың пәтері орналасқан "Жаңа Кент" тұрғын үйінің басшылары растап отыр.

Әңгімені әріден бастайық. Бұған дейін газетімізде жазғанымыздай, ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы Светлана Подобедова – "Бізге 2009 жылы әлем чемпионы болғанымыз үшін Талдықорған қаласынан пәтер сыйланған болатын. Міне, 5 жылға таяды, осы пәтерлер өзіміздің атымызға аударылған жоқ. Пәтер өз атымызға жазылу үшін бізге тағы бір әлем чемпионатында жеңіске жету керек деген талап қойды. Одан кейін біз Олимпиада ойындарында жетістікке жеттік. Бірақ пәтер сол күйінде біздің атымызға аударылған жоқ. Мен Алматы облысының әкімі Аңсар Тұрсынханұлы Мұсахановқа екі рет осы мәселе бойынша барып, мән-жайды түсіндірдім. Майя Манеза да әкімге кірді. Алайда ол біздің көзімізше бір-екі адамға хабарласты да, мәселенің шешілетінін айтты. Бірақ әлі күнге біз пәтерді өзіміздің меншігіміз деп санай алмай отырмыз. Бірақ бұл пәтерлердің кілтін бізге көпшіліктің көзінше салтанатты түрде табыстаған болатын", – деп пәтерімнен айырылып қалуым мүмкін деп дау шығарған болатын.

Сондай-ақ спортшы бұл пәтерлерді Алматы облысының спорт басқармасы оларға сатып алып беруі керектігі туралы айтқан. "Спорт басқармасының пәтерлерді сатып алуға мүмкіндігі бар. Алайда олар осы пәтерлерді қызметтік пәтер ретінде бізге ұсынып отырған сыңайлы», – дейді зілтеміршілер. Одан бөлек Светлана спортшылар 2009 жылдан бері айына 135 мың теңге жалақы алатынын айтты. Оның бұл сөздерін Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло да қолдап, растап отыр.

Бірақ, кейіннен Алматы облысы спорт және туризм басқармасының басшысы Мұхит Тұрсынбаев спортшылардан пәтерді ешкімді тартып алмайтынын айтқан еді. Тұрсынбаевтың айтуына қарағанда, зілтеміршілердің пәтерлері жалға берілетін үйлерде орналасқан екен. "Олар Олимпиада ойындарының чемпионы атанған кезде қаладағы жалға берілетін үйлердің құрылысы аяқталып, біз оларға сол жерден пәтер бердік. Ол кезде біз спортшыларды қуантқымыз келіп, асығыс бердік", – дейді ол. Басшының айтуынша, жаңадан бекітілген «Дене шынықтыру және спорт» заңнамасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондарын міндетті түрде пәтермен қамтамасыз ету керек деген бап бар. Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлоның пәтерлеріне байланысты мәселелерді сол заңнамалардың негізінде қарастыруға болатынын айтты.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай