14 наурыз 2014 12:04

"Өмір сүргім келеді" атты концертке шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол АҚШОЛАҚОВ, "Әдебиет айдыны" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. ©Нұрғиса Елеубеков Ербол АҚШОЛАҚОВ, "Әдебиет айдыны" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. ©Нұрғиса Елеубеков

Үстіміздегі жылдың 21 сәуір күні "Әдебиет Айдыны" қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Алматы қаласындағы Республика сарайында "Өмір сүргім келеді" атты қайырымдылық кеші өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт еліміздегі қатерлі ісікке шалдыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. "Әдебиет айдыны" қоғамдық қоры Қазақстанның халық әртісі Майра Ілиясова жетекшілік ететін "Майра" продюссерлік орталығымен бірлесіп қайырымдылық шарасын алғаш рет ұйымдастырды. Таяуда өтетін қайырымдылық концертінен түскен қаржы қатерлі ісік дертіне шалдыққан екі сәбидің емделуіне жұмсалмақ. Деректерге сүйенер болсақ, елімізде жыл сайын 30 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертінен көз жұмады. Өкінішке қарай, обыр дертіне шалдыққан кішкентай сәбилеріміздің де қатары жыл сайын артуда. Қазақстанның әр облысы бойынша 100 мың балаға шаққанда 15-20 бала жыл сайын қатерлі ісік дертімен ауырады екен. Яғни, жыл сайын еліміз бойынша 250-300-дей бала ауыр дертке ұшырап, дәрігерлік көмекке жүгінеді. Әлем ғалымдарын әуреге салған осы бір дертке шалдыққан еліміздегі кішкене бөбектерге қол ұшын беруді өзіне парыз санайтын жандар бар арамызда. Осындай ұлтжанды азматтардың бірі, жас қаламгер Ербол Ақшолақов. Ерболдың айтуынша, болашақта қоғамдық қор қызметкерлері облыс, аудан ауруханаларына хат жазып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде, кішкентай ауылдарда қатерлі дертке шалдыққан балалар туралы толық мәліметтер жинамақ. Ербол АҚШОЛАҚОВ, "Әдебиет айдын" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті: – Қазіргі таңда әлем дәрігерлері егер қатерлі ісіктің аса асқынған түрі болмаса, бұл дертті емдеуге болатынын алға тартуда. Өкінішке қарай, кейінгі жылдары осы обыр дертіне шалдыққан балалардың саны артып отыр. Сондықтан бұл дертпен қоғам болып күресуіміз керек. Ең болмаса, екі-үш сәбиге көрер жарығын сәл ұзартсақ, бұл – біздің азаматтық борышымыз. Аллаға шүкір, елімізде қалталы азаматтар жетерлік, қиналған жанға көмек қолын созып жүрген жомарт азаматтарымыздың сауапты ісіне куә болып жүрміз. Айталық, "Жер-Су" корпорациясының басшысы Бауыржан Оспанов, "Бент" АҚ басшысы Ділмұрат Кузиев секілді азаматтар біздің қорға демеушілік жасап келеді. Ерікті жастардан құралған "Әдебиет айдыны" қоғамдық қоры мен "Майра" продюссерлік орталығы бірлесіп ұйымдастарған концерттің билет бағалары 3500-7000 теңге аралығында. Құрылғанына біршама уақыт болған "Әдебиет айдыны" қоғамдық қайырымдылық қоры дәл қазіргі уақытта әдебиет, өнер саласында жүрген жастарға қолдау көрсету мақсатында 150 балаға білім грантын беріп, аз қамтылған отбасылардың балаларын, жетімдер балаларды медицина, педагогика, журналистика салалары бойынша оқытып отыр. Сондай-ақ кейбір оқу ақысын уақытылы төлей алмай қалған студенттерге де қолұшын беруде. Алдағы уақытта қоғамдық қор жастарға арналған "Елбасы", "Жас қалам" атты бірнеше басылым шығаруды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети