15 ақпан 2016 14:26

Оралда кинотеатр әжетханасына видеокамера орнатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Оралдағы ірі сауда орталықтардың бірінің әжетханасынан тұрғындар видеокамера байқап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралдағы ірі сауда орталықтардың бірінің әжетханасынан тұрғындар видеокамера байқап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылғы писсуардың дәл үстіне орналастырылған. Дегенмен камера фокусының қайда бағытталғанын анықтау мүмкін болмады. "Бұл адам құқығын бұзу. Мұны ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы арқылы дәлелдеуге болады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының жеке өміріне қол сұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық заңдар да бар. Бейнебақылау арқылы жеке басқа қатысты ақпарат жинауға болады. Бейнежазбалардың қандай мақсатта пайдаланылатынын кім біледі?", - деді Адам құқықтарын қорғау бюросы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Павел Кочетков.

Ал сауда орталығының қауіпсіздік қызметі өкілдері видеокамералардың әжетханаға террорлық актілердің алдын алу мақсатында орнатылғанын хабарлады.

"Біздің сауда орталығында бейнебақылау камерасы барлық жерде орнатылған. Бұл лаңкестік әрекеттерді болдырмау үшін жасалды. Біз әлемдік тәжірибелерге сүйенеміз, әрі камера тек біздің сауда орталығында ғана емес, басқа да жерлерде орнатылған. Мұнда заңғы қайшы ештеңе жоқ, барлық камера ІІД рұқсатымен орнатылды", - деді CityCenter сауда және ойын-сауық орталығының қауіпсіздік қызметі басшысы.

Оның айтуынша, камера фокусы есікке бағытталған, камера объективіне басқа ештеңе түспейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети