Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Өрмекші адам" жұртшылықтың көзінше Алматыдағы ең биік ғимаратқа өрмелеп шықты

23 Сәуір 2016, 19:41
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Атақты құзға өрмелеуші, Гиннестің рекордтар кітабына енген Ален Робер Алматыдағы биіктігі 168 метрлік Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Робер баспасөз мәслихаты кезінде Esentai Tower өзі бағындырған ғимараттардың ішінде ең биігі болмаса да, кез келген тапсырма ол үшін оңайға түспейтінін айтты. "Әр ғимараттың, әр шыңның өзінің тосқауылдары болады. Дегенмен, сол ғимараттарды бағындыру арқылы келесі мақсатқа тәжірибе жинайсың", - деді ол.

Айта кетейік, айтулы шара басталатын кезде әл-Фараби даңғылының бойында жел тұрып, аспан түнеріп кетті. Дегенмен, Робер ауа райына бола мақсатынан бас тартпайтынын жеткізді. Сондықтан да ұйымдастырушылар оны ғимаратқа арнайы арқан жіптің көмегімен шығаруға шешім қабылдады. Ол бұған ғимараттарға дейін жіптің көмегінсіз шығып келген болатын.

Ол ғимаратқа сағат 17.10-да шығып бастады. Робер бірнеше рет тоқтап, көрермендермен селфи жасап, тынығып алды. "Өрмекші адамның" өнерін көруге мыңдаған алматылық жиналды. Спортшы тоқтаған сайын көрермендер қол соғып, оған қолдау білдірді.

Нәтижесінде ол ғимараттың шыңына сағат 18.20-да шығып болды. Ален Робер кезекті шыңын шамамен бір сағатта бағындырды. Осы уақыт аралығында әл-Фараби даңғылының бойында үлкен кептеліс болды.

Робер әлемдегі ең биік 70-тен астам ғимаратқа өрмелеген. Бағындырған зәулім үйлер арасында IBM-нің бас кеңсесі, Hilton отелі, Куала-Лумпурдегі Петронас мұнарасы, Барселонадағы Торре Агбар ғимараты, Мәскеудегі Ломоносов университетінің бас ғимараты, тағы басқалары бар. Ал, ең соңғы рет наурызда Ален Робер Париждің Дефанс кварталындағы "Тоталь" мұнарасын бағындырды. Биік ғимарат ұшына 45 минутта көтерілген. Әдетте, экстремал зәулім ғимараттарға биліктің рұқсатынсыз, өз бетінше өрмелейді. Осы қылығымен де, әлемнің назарына ілікті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай