02 қазан 2014 18:22

Өскеменде ер адамның жыныс мүшесі пішіндес макарондар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sex-pasta макарондары. ©TengrinewsTV Sex-pasta макарондары. ©TengrinewsTV

Өскеменнің дүкендерінде пішіні ер адамның жыныс мүшесіне ұқсас макарондар пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі. 


Өскеменнің дүкендерінде пішіні ер адамның жыныс мүшесіне ұқсас макарондар пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі. 

Сатушылардың айтуынша, құнының қымбаттығына (250 грамы - 1400 теңге) қарамастан өнімге сұраныс жоғары. Құрамына жұмыртқа мен ащы қызыл бұрыш қосылмаған макарондар Sex-pasta деп аталады, бірақ жергілікті жұрт оған басқа да атаулар беріп үлгерген. 

"Мен оны дүкеннен көрген кезде, бірден түсіне қоймадым. Адамның дене мүшелерін қайнату деген тым артық қой. Мен келісемін, оны біз үнемі көріп жүрміз, қыз бен ұлдың айырмашылығы неде екенін балалар да біледі, бірақ оны қайнатып жеу - артық кету", - дейді сатып алушы қыздардың бірі.

Sex-pasta макаронына қатысты пікірін білдірген бір жігіт мұны өндірушілер ұтымды ойлап тапқан деп отыр. "Осылайша олар жас сатып алушыларды және мұндай макарондарды шамшырақ жағылған кешкі ас барысында жеп көрмекші ғашықтарды көбірек тартқысы келген шығар", - дейді ол.

"Бұл - оңбағандық, әрине. Мұндай өнімдерді арнайы дүкендерде "Роль ойындары алдындағы кешкі ас" деген атаумен сату керек деп ойлаймын", - дейді тағы бір сатып алушы қыз. Өнімнің заттаңбасына қарағанда, Sex-pasta макарондары Италияда өндіріледі, ал Өскеменге ресми дистрибьюторлардың бірі жеткізеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети