11 маусым 2015 11:52

Өскеменде үйлену тойына келген қонақ қалыңдықты тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ngs42.ru © ngs42.ru

Өскеменде үйлену тойына келген қонақ қалыңдықты тонап кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz Өскеменнің №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскеменде үйлену тойына келген қонақ қалыңдықты тонап кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz Өскеменнің №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, қалыңдықтың ұрланған алтын бұйымдарының құны 1,5 миллион теңгеге жуық. Облыс орталығының тұрғыны үйлену тойына өзінің Алматыдағы құрбысын, жолдасымен бірге шақырыпты. Той болатын күні алматылық қонақтар қалыңдықтың үйінде болған.

"Қалыңдық той көйлегін кимей тұрып, алтын бұйымдарын шешіп, пакетке салып, анасына берген және оларды жастықтың астына жасырып қоюды өтініпті. Қалыңдық әңгімесін естіп қалған алматылық қонақ, үй иелерінен бөлменің кілтін сұрап алып, бағалы заттарды қолды қылуды ойлайды. Сөйтіп, барлығы мейрамханаға кеткен кезде ұры қонақ қалыңдықтың пәтеріне кіріп, алтын бұйымдар салынған пакетті алып кетті, ұрланған бағалы заттардың құны - шамамен 1,5 миллион теңге", - делінген жарияланымда.

Қалыңдық бағалы заттарының жоғалғанын түнде бірақ білген және бірден бұл жөнінде полицияға хабарлады. Ірі көлемде ұрлық жасаған алматылық қонақ қатаң тәртіптегі колонияға төрт жылға қамалды және мүлкі тәркіленді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети