27 қыркүйек 2015 16:02

Өз әріптесіне "нольсің!" деген дәрігер 100 мың теңге айыппұл төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Екібастұз қаласында өз әріптесіне "нольсің!" деген бас дәрігер 100 мың теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.


Екібастұз қаласында өз әріптесіне "нольсің!" деген бас дәрігер 100 мың теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап.

Мұндай соманы сот Екібастұз қалалық ауруханасының бас дәрігері Сәдібек Қабылтаевқа төлетуге мәжбүрледі. Қабылтаев өзінің әріптесі уролог Қуандық Жұматаевқа ар-намысына нұқсан келтіргені үшін материалдық шығын төлеп береді. 

Сөйтсе, бұл оқиға дәрігердің бірнеше телеарнаның тілшілеріне берген сұхбатында өз әріптесін "ноль" деп атағанынан басталыпты. "Жауап беруші Қабылтаевтың шағымданушы Жұматаевқа қатысты таралған мәліметін, яғни "Жұмысшы ретінде ол ноль, мен сіздерге айтайын. Кәсібіне келгенде ол ноль. Ол жұмыс істемейді, ол бәрімен соттасады да жүреді. Жұмыс істеген алты жылында 20-дан аса сот ісі болған, бұл оның менің есімде қалғандары ғана. Ол еңбек демалысын алады да біреумен барып соттасып келеді, жұмысқа шығады да, денсаулығына байланысты жұмыстан босайды да, тағы біреумен соттасып жүреді" деген сөзін шындыққа жанаспайды және оның ар-намысына әрі қызметіне нұқсат келтіреді деп тапты", - деп хабарлады сот өкілдері. 

Осылайша, ақшалай өтемақы беруімен қатар, бас дәрігер әріптесіне қатысты айтқан сөздерін жоққа шығаруы тиіс екен. Айта кетейік, Павлодар облыстық сотының кассациялық алқасы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 

Еске сала кетейік, 2012 жылдың қазан айында Екібастұз қаласының дәрігерлері Жұматаевты үнемі соттасып жүреді деп және жынды болып қалған деп айыптаған еді. Бұдан кейін қалалық сот аурухана ұжымының өтінішін қанағаттандырып, Қуандық Жұматаевты психиатрлық сараптамаға жіберді. Алайда мамандар урологтың психикасынан ауытқушылық таппады. Өз кезегінде Жұматаев мұны ұжымнан қудалау деп тауып, сотқа жүгінеді.

Айта кетейік, екібастұздық уролог соттарда науқастар мен әріптестерін қорғағанымен де танымал. 2012 жылдың жазында дәрігер сотта бір ата-анаға үш жасар балаларының өлімін қайғылы жағдайдан емес, дәрігерлердің кесірінен болғанын дәлелдеуге көмектескен болатын. Сонымен қатар, Жұматаев бір емхананың жұмысшыларына көмектескен еді. Емхана жұмысшылары өз басшылығын еңбек демалысы мен оқу сағаттарын 42 күннен 30 күнге дейін қысқартып тастауға бекініп отырғанын айтып шағымданған. Алайда Жұматаевтың осы мәселе бойынша ҚР Дәрігерлердің кәсіподағындағы орталық аппаратына жазған хаты қанағаттандырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети