12 қазан 2018 17:34

Павлодарда фуралар кортежі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда фуралар кортежі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда фуралар кортежі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кортеждің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Видеодағы кадрлардан жас жұбайлар отырған лимузиннің соңынан атлас ленталар мен шарлармен безендірілген бірнеше жүк көлігінің келе жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, видеодан кейіннен патрульдік автоның фураларды тоқтатқаны көрінеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

"Бізге мейрамханаға дейін 200 метрдей жер қалған еді. Осы күнге ұзақ уақыт дайындалған едік. Полицейлерден бізді жіберулерін сұраған едік, бірақ олар бізді тоқтатып, бір сағат уақыттай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрине, көңіл-күйіміз түсіп кетті. Бірақ фуралар көлік қозғалысына кедергі келтірген жоқ еді, біз басқа көліктерді өткізіп тұрдық. Басты көшелермен жүрген жоқпыз. Фураларға жүруге рұқсат етілген көшелермен ғана жүрдік. Әр көлік шамамен көп болса 7 200 тонна болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жоқпыз", - дейді жас жұбайлардың достары.

Ал полиция өкілдері өз кезегінде ереже бұзушылықтың болғанын айтады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

"Полицейлер DAF маркалы фуралармен келе жатқан кортежді тоқтатты. Жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 602-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы") әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

"Кортеж жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады өңірлік полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети