05 мамыр 2015 12:43

Павлодарда Қызыл кітапқа енген бірқазанды жәбірлеуге қатысты іс айыппұл салумен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Анатолий Балашов © Анатолий Балашов

Павлодарда бірқазанды жәбірлеуге қатысты іс айыппұл салумен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, браконьерлер жәбірлеген бірқазан Қызыл кітапқа енген.


Павлодарда бірқазанды жәбірлеуге қатысты іс айыппұл салумен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, браконьерлер жәбірлеген бірқазан Қызыл кітапқа енген.

"Қызыл кітапқа енген бірқазанды жәбірлеуге қатысты қылмыстық іс аяқталды. Азамат Хлыстун 780 мың көлемінде салынған айыппұлды толық өтеді", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәулен Қанатбаев кеңестің кезекті отырысында.

Бірқазанды жәбірлеген павлодарлық Евгений Хлыстунның қорғаушысы осы ақпаратты растап, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қылмыстық істің жабылғанын мәлімдеді. "Шығын толықтай өтелді. Осыны негізге ала отырып құқық қорғау органдары қылмыстық істі жапты", - деді қорғаушы Русланбек Жанқобаев.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазан айының басында Интернетте екі ер адамның өзендегі жаралы бірқазанды қуып жүргені түсірілген видео пайда болған еді. Олар құсты ұстап алып, суретке түседі. Жануарларды қорғаушылар бұған наразы болып, полициядан қатігездерді ұстауды және жазалауды талап етті.

28 жастағы Евгений Хлыстунға қатысты "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн жою және заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты олар мекендейтiн жерлердi жою" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта жас жігіт өз кінәсін мойындамай, видеоның 2008 жылы түсірілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жаралы құс бостандыққа жіберілген. Ол видеоны 6 жылдан кейін Интернетке не үшін жариялағанын түсіндірмеді.

Жануарларды қорғаушылар Павлодарлық су-құтқару станциясының қызметкерлерінің бұл құсты өзеннен көріп, тамақтандырғанын айтты. Бірқазан жаралы болғандықтан ұша алмаған. Құсты жәбірлеушіге 2014 жылдың қазанында рақымшылық жасалды. Сонымен қатар, сотта бірқазанға қатысты қылмыстық істі жүргізген Павлодар облыстық ІІД басшысына бірқазанды жәбірлеген ер адамның кім екенін анықтауға көмектескен әйелді ынталандыру мәселесі тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети