19 қараша 2018 16:06

Павлодарлық алты жасар "генерал" Желі қолданушыларын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық алты жасар "генерал" Қазнет қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павлодарлық алты жасар "генерал" Қазнет қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram желісінде генаралдың формасын киген баланың видеосы танымал бола түсті. Бала полиция генералы болатыны туралы сеніммен айтып, қару-жарақ түрлерін еш кідірместен тізіп береді және тапанша мен Калашников автоматының қандай бөлшектерден тұратынын, офицерлік шеннің тізбегін атап шығады. Сонымен қатар, ол республикаға танымал болған полицейлер мен генералдардың аты жөні мен шенін айтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Щербактинский генерал ????

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Алидардың анасы Гүлмира Ғайбышеваның айтуынша, ол төрт жасынан бастап полицияда қызмет етуге қызыға бастаған. 

"Мен өзім полиция қызметкерімін, бір кездері үйде аттестациядан өтуге дайындалып жатқанмын. Ұлым жанымда еді. Сол кезде оның барлық сұрақтардың жауабын жаттап алғанын сезбеппін де. Артымда отырып, барлығы туралы сұрастырып отырды. Басында Калашников автоматы жайлы, сосын тапанша жайлы сұрай бастады. Кейін былай деді: "Мен де сен секілді полицей болғым келеді", - дейді Ғайбышева. 

Екі жыл бұрын анасы баласына "Бүлдіршін" байқауына қатысу үшін полицейдің формасын тіктірген. Бала екі рет бірінші орын иеленген. 

Алидар отбасындағы жалғыз бала. Бала мектепке дейінгі дайындық мекемесіне барып, Шарбақты аудандық музыкалық мектебіне барады. Ұстаздарының айтуынша, баланың ойлау қабілеті әлде қайда өсіп кеткен. Бос уақытында ол кез келген балалар секілді конструктор құрағанды жақсы көреді және ауладағы балалармен ойнайды екен. 


Сурет отбасылық мұрағаттан

"Ұлыма әскери техникалар ұнайды. Жыл сайын Аяз атаға хат жазамыз, ол әрдайым қару сұрайды. Өткен жылы ол әскери кеме сұрады, биыл басқарылатын зеңбірек сұрады", - дейді баланың анасы. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети