13 мамыр 2014 22:02

Петропавлда үздік аула анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото СҚО ІІД баспасөз қызметінен алынды Фото СҚО ІІД баспасөз қызметінен алынды

Қалалық Ішкі істер басқармасы мен әкімдіктің "Үлгілі аула" бірлескен акциясы аясында Петропавлда үздік аула анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Қалалық Ішкі істер басқармасы мен әкімдіктің "Үлгілі аула" бірлескен акциясы аясында Петропавлда үздік аула анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Үздік аула байқауы 14 мамырда басталады. Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын өз аулаларын таза ұстауға, тыныштықты сақтауға шақыруда. Қала тұрғындарына "Қала және елдімекен аумағындағы тазалықты сақтау, тәртіпті бұзбау, инфрақұрылымдарға залал келтірмеу, өсіп тұрған жасыл желектерді жұлмау"  жөніндегі ҚР Кодексінің 387-бабы түсіндірілген парақшалар таратылды. 

Петропавл Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Асан Смағұловтың айтуынша, елдімекендердегі тазалық пен тәртіпті ретке келтіру туралы мәселе 10 сәуірде өткен облыс мәслихатының сессиясында көтерілген. Бапта айтылған ережелерді бұзушыларға 20-дан 300-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, тұрғындар бұл ақпаратты түсіністікпен қабылдауда. Кейбір тұрғындар қаланың эстетикалық жағынан дамуына өз үлестерін қосуға дайын көрінеді. Петропавлдағы үздік аула 25 тамызда анықталады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети