22 желтоқсан 2014 00:23

Президент костюм мен галстукты өзі таңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде қалайша әрқашан тың жүретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасындағы трансляцияға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде қалайша әрқашан тың жүретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасындағы трансляцияға сілтеме жасап. 

Журналистер Мемлекет басшысының 2014 жылы 40-тан астам елдің басшысымен кездескенін, сонымен қатар 120 мың шақырым жол жүргенін есептеді.

"Қай президенттің де жұмысы көп еңбекті талап етеді. Сондықтан денсаулығы нашар адам жұмыс істей алмайды. Мұндай адам өздігінен қала бермеуі керек, себебі бұл мемлекет үшін зиян. Сондықтан бірінші кезекте денсаулық болуы керек. Ал денсаулықты ата-ана береді. Ата-анам маған зор денсаулық берді, мен тауда өстім, содан шыныққан шығармын. Өскенде спортқа қызықтым. Шымбұлақта тау шаңғысымен сырғанауды мен бастадым, ол жақта ешкім болмайтын, қазір онда орын жоқ. Қазақстанда теннис ойнауды мен бастадым, қазір Қазақстанның барлық өңірінде ойнайды. Гольфтің добымен бірінші болып 1996 жылы Алматыда, "Алатау" шипажайында мен соққы жасадым. Атпен шаптым, қазіргі уақытта ат спорты дамыған. Жастардың үлгі алып жатқаны қандай жақсы", - деді Қазақстан Президенті.

Оның айтуынша, денсаулықты әрқашан күту керек. "Таяуда Тұңғыш Президент күнінде Интернетте костюмды қайдан алатынымды, галстугымды кім таңдайтыны талқыланды. Ешкім де таңдамайды, стилисім жоқ, костюмерім де жоқ. Кейбір президенттер мұның бәрін өзімен бірге алып жүреді. Мен болсам жай ғана ауылдың шаруа жігітімін. Мен шаруалар отбасынан шықтым, нағыз төменнен. Менің өмірбаяным жұмыспен байланысты, қолымда күрегі мен сүймені бар металлургпын. Бұл мені тәрбиеледі, бәрін өзім жасаймын. Сондықтан шыдаймын", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети