07 қазан 2015 09:35

Путин туған күнін ерекше атап өтпекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. © РИА Новости Владимир Путин. © РИА Новости

7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин 63 жасқа толды. Ол туған күнінде Түнгі хоккей лигасының атақты хоккейшілерімен және қатысушыларымен хоккей ойнайды, - деп хабарлайды РИА Новости ел президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

"Путин хоккей ойнайды. Ол хоккейді өзінің ескі таныстарымен, атақты ардагер-хоккейшілермен және Түнгі хоккей лигасының қатысушыларымен ойнайды, маусым ертең басталады", - деді Песков.

Путин туған күнін әрдайым жұмыс кестесіне сәйкес өткізеді. Алайда 2014 жылы ол демалыс алып, елдімекендерден алыс орналасқан сібірлік тайгаға аттанды. Кейін Путин ол күні тауда 9 шақырым жолды жүріп өткенін айтты.

Айта кетейік, Путинді туған күнімен бірінші болып құттықтағандардың бірі ресейлік рэпер Тимати болды, ол құттықтау-клипін шығарды. "Лучший друг" әнінің клипі Мәскеудегі Қызыл алаңда түсірілген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети