16 сәуір 2016 18:03

Ресей азаматы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасау үшін балтаны қолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wordyou.ru © wordyou.ru

Петербургтің Петроград ауданында сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты балтаның көмегімен жасағысы келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Фонтанка.Ru" сайты.


Петербургтің Петроград ауданында сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты балтаның көмегімен жасағысы келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Фонтанка.Ru" сайты.

Оқиға 15 сәуір күні күндіз болған. Қолында гүл шоғы мен балтасы бар ер адам Добролюбов даңғылындағы №5 үйде орналасқан киімдер дүкеніне басып кірді. Куәгерлердің айтуынша, ол дүкеннен танысын табамын деп ойлаған және ол қызды 10 жылдан бері көрмепті.

"Дүкендегі әйел оның танысы болмай шықты, осыдан кейін ол ашуға булықты. Балтасын бұлғаңдатып, сүйіктісіне қоңырау шалуды талап ете бастады. Ер адам ол қыздың номерін жатқа білді", - деді полицейлер.

Ер адам өзін полицейлерге Жоффреймін деп таныстырды, алайда тексеру барысында оның Павел екені анықталды. Оның өз есімін ауыстырып айтуына сүйіктісінің Анжелика туралы романдағы Жоффрей де Пейрак есімді кейіпкерді ұнатуы себеп болыпты.

Оқиғаға себепші болған қыздың айтуынша, ол Павелді он жыл бұрын бір рет қана көрген. Олар бір-біріне номерлерін бергенімен, жақын қарым-қатынас жөнінде сөйлеспеген. Ер адам қызға мереке сайын хабарлама жазып, бірнеше апта бұрын сезімін білдіріпті. Сонымен қатар, келісімін беруді талап еткен. Ол қыз бас тартқан жағдайда оны өлтіремін, артынша өзіме қол саламын деп уәде берген.

Бұл оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети