28 қазан 2014 09:21

Ресей тұрғыны итінің моласында өзін-өзі атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©LifeNews ©LifeNews

Мәскеу түбіндегі Наро-Фоминск қаласында 53 жастағы ер кісі өзінің итінің қабірінің қасында атылып өлді, деп хабарлайды LifeNews. Бұл қайғылы оқиға 27 қазан күні болды. Осы күні Павел Замков есімді азамат әйелімен бірге өткенде ғана аң аулау кезінде байқаусызда өлтіріп қойған өзінің жақсы көретін итінің қабіріне келген. Эмоциясына ерік берген аңшы тап сол жерде өз-өзіне қол жұмсаған.

Суицид Наро-Фоминск қаласының Шығыс ықшамауданында болды. Ер адам ит жерленген жердің жан-жағын қоршамақ болған. Әйелі де өз күйеуін еш жұбата алмаған, ол әбден жылап, иттен кешірім сұраған. Арада бірнеше минут өткенде Павел Замков қолына қару алып, өзінің басынан атып жіберген", - деп басылымға құқық қорғау органының өкілі хабарлаған.

Қайғылы оқиға болған жерге жедел-жәрдем дәрігерлері келген, алайда аңшыны құтқарып қала алмады. Полиция қызметкерлері мен тергеушілер бұл жағдайға байланысты тексеру жүргізетін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети