Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресейдегі дағдарыс хайуанаттарды диетаға отырғызды

13 Ақпан 2015, 17:16
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Ресейдегі қаржы дағдарысы Мәскеу хайуанаттар бағының қызметкерлерін жануарларды диетаға отырғызуға мәжбүрледі, - деп хабарлайды "Известия". Айта кетейік, жануарлар азығы 40 пайызға қымбаттаған. 

Мәскеу хайуанттар бағының директоры Наталья Колобованың айтуынша, мекеме жануарларды басқа қалалар мен елдерге беруді жылдамдатты. Сонымен қатар, елдегі хайуанаттар бағы Ресейдегі дағдарысқа байланысты шығындарын оңтайландырып жатыр. Мысалы, Екатеринбургте жануарларға асшаяндарды беру тоқтатылды, ал Ивановода көкөніс пен жемістің орнына шөптен жасалған тамақ берілетін болды.

Колобованың айтуынша, еріксіз туылған және хайуанаттар бағына келушілердің алдына шығарылмаған жануарлар ғана басқа қалаларға жіберіліп жатыр. "Сирек кездесетін және біз оларды көбейтуге мамандандырылған бағалы жануарларды бермейміз. Біздің бақтың тұжырымдамасы экономиканың қиын ахуалына қарамастан өзгермейді. Біз басқа хайуанаттар бағына аң-құс баққыш отбасылар аса мұқтаж емес жануарларды ғана береміз, көбінесе біреуін екіншісіне ауыстырып аламыз. Бұл хайуанатар бағындағы ген популяциясының әртүрлілігін сақтап қалу үшін қажет. Сонымен қатар, жануарлар азығының бағасынан бөлек орынның жетпеуіне байланысты олардың шексіз санын сақтап қалу мүмкін емес", - дейді ол.

Ресейдегі дағдарыс Сычуань такинін Германияға, горилланы Польшаға, қар барысын Франция мен Финляндияға, құну мен сабаншыны Новосібірге, қара бөкенді Данияға, Қиыр Шығыс леопардын Дондағы Ростовқа жіберуге мәжбүрледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай