Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ретроавтомобильдер жинаумен айналысатын алматылық тұрғын мұражай ашқысы келеді

06 Сәуір 2016, 20:01
0
© Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко

Ретроавтомобильдер жинаумен айналысатын алматылық коллекция жиюшы Қалижан Тұрсынбаев болашақта мұражай ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір оның коллекциясында 40-тан аса кеңес заманы кезіндегі автомобиль бар. Бұл бастама өзіне мұраға қалған "Волганы" қайта қалпына келтіруден басталған. Он шақты жыл бұрын Тұрсынбаев осы істі қолына алып, кейін ол хоббиге айналып кетеді. "Жәдігерлерді" таңдауға алматылық өте сақтықпен қарайды - бір марканың барлық моделін жинауға тырысады. Оның ангарында қазір "Москвич", ЛУаЗ, "Запорож" (ЗАЗ), сонымен қатар, "Жигули" мен ГАЗ-дың өте сирек кездесетін түрлері бар.

Оның топтамасы автомобиль тұтқаларының, айналарының, кілемшелерінің және басқа да ұсақ бөлшектерінің ерекше болуымен көзге түседі. Тұрсынбаевтың айтуынша, осындай жолмен қалпына келтірілген мұндай автомобильдер "уақыт машинасы" сияқты болады.

 

"Менің ойымша, "Москвичтер" жинаумен айналыссаң, онда барлық модификациясы болу керек. Мен оларды жинадым, енді оны зауыттан жаңа ғана шыққандай етіп жөндеу керек. Мұнда көптеген ерекшелік бар. Мысалы, "Москвичтің" орындығының 6-7 түрі болған. Автомобильге орындық қоятын кезде оған нақты қайсысының келетінін білуің керек. Егер олай болмаса, адамдар мұның қолдан жасалғанын сезіп қояды. Ең қиыны - қажетті құралды табу. Темірлерді бірдеңе етіп келтіруге болады. Дегенмен орындық, кілемшелерді табу қиын. Нәтижесінде сен автомобильге отырған кезде сол кезеңге сапар шегесің. Иісіне дейін сезіліп тұрады. Әр машинаның салонында өзіне тән иіс болады. Оны білетін адамдар көлікке отырған кезде дереу соны есіне алады", - деді Тұрсынбаев.

Ретроавтомобильдер топтамасын жинау - өте күрделі іс, әрі көп уақытты талап етеді. Дегенмен алматылық азамат ең аз шығынмен оны қалпына келтіруге тырысады. Оның топтамасындағы ең көне автомобиль - 1936 жылы шығарылған ГАЗ М-1. Бұл көлікке ол тегін қол жеткізген.

"Автомобиль жүріп тұр. Біз оған қажетті құралдарды жинап, орындығын сызба бойынша жасаттық. Дегенмен оны қалпына келтіруді әзірше тоқтаттық. Қазір біз құралдарын табуға болатын автомобильдермен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Тұрсынбаев. 

 

Қазір Қалижан Тұрсынбаев ГАЗ-21Т "Волганы" қалпына келтіріп жатыр. Бұл автомобиль 1962 жылы такси үшін шығарылған. Қарапайым ГАЗ-21-ден ол тетіктері жөнінен ерекшеленеді. Мысалы, таксиге арналған бұл модельде радиоқабылдағыш болмаған. Оның орнына таксомоторлы есептегіш қолданылыпты. Сәйкесінше, төбесінде антеннасы да жоқ. Сонымен қатар, орындықтарында да ерекшеліктер бар.

Қазіргі уақытта ретроавтомобильдердің топтамасына көп адам қызығушылық танытады екен. Кейде экспонаттар оны киноға түсуге, көрмелерге шақырады. Дегенмен Тұрсынбаев көліктерді алып кетуге көп рұқсат бере бермейді. Қазір ол мұражай ашып, өзінің барлық автомобилін сонда қоюды армандайды. "Уақыт болса, экономикалық қиындықтар да кедергі болмас еді. Бәрін реттеп болған кезде мұражай ашуымыз да мүмкін", - деді ол.


© Владимир Прокопенко


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай