Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Саддам Хұсейнді ұстап берген жасөспірім жазаға кесілді

03 Мамыр 2014, 15:54
0
Сурет islam.kz сайтынан алынған
Сурет islam.kz сайтынан алынған

"Осыдан он жыл бұрын Иракқа басып кірген америкалықтарға Саддам Хұсейннің жасырынған жерін көрсетіп, ұстап берген жасөспірім АҚШ-та ауыр қылмыс жасап, 28 жылға бас бостандығынан айырылды" деп хабарлайды kaz. tengrinews.kz islam.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Саддам Хұсейнді ұстап бергені үшін ол "Әлемдегі ең кішкентай тыңшы" деген атпен жарық көрген кітаптың қаһарманына айналып, аты шыққан еді. Ол кезде оның жасы бір мүшелге толған болатын.

Кішкентай тыңшы Жасим Рамазан тіпті, америкалықтарға қарсы партизандар қатарында жүрген өзінің туған әкесін де ұстап берген екен. Жасөспірімнің опасыздығына күйінген өзге партизандар оның анасын өлтіріп кеткен. Баласының қылмысын жасырғаны үшін.

Жасөспірім АҚШ-қа келген соң бірнеше жылдан кейін өзінен 30 жас үлкен әлдебір әйелді ұрып-соғып, зорлағаны үшін Колорадо соты оны 28 жылға бас бостандығынан айырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай