11 наурыз 2018 15:32

Сарапшылар мидың қатерлі ісігін тудыратын чипі бар делінген жастықтарға қатысты пікір айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тараған "чипі" бар жастықтарға қатысты қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Әлеуметтік желіде тараған "чипі" бар жастықтарға қатысты қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видеода белгісіз ер адам жастықтан бір затты алып шығып, оның адам денсаулығына зиян екенін айтады.

"Бұл, қымбаттыларым менің, чип, ол бас миына сәуле береді, сөйтіп адам рак дертіне шалдығады", - деді видео авторы. 

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің сарапшылары бұл видеодағы заттың қарапайым этикетка екенін түсіндірді, ол тауарды ұрлап әкетпеу үшін қойылады, затбелгіде кішкентай таңбалар бар, ол тауарға жапсырылады, сөйтіп затты ақысын төлемей алып кетуге жол бермейді.

"Егер этикетканы кассада әрекетсіздендірмесе, тауарды алып, ақшасын төлемесе ұрлыққа қарсы қақпадан шығар кезде қауіп дабылы соғылады. Тауарды сатып алған соң этикеткалар әрекетсіздендіріледі және ол адам ағзасына қатер төндіре алмайды", - деді ведомство мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети