04 ақпан 2015 10:51

Селфи түсірмек болған пилот ұшақты апатқа ұшыратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ABC News ©ABC News

АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер қаласының маңында жеңілмоторлы ұшақтың апатқа ұшырауы ұшқыштың селфи түсіргісі келгендігінен болуы мүмкін. АҚШ-тың Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тергеуі шығарған қорытындыны ABC News ресурсы жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Әуе апаты 2014 жылдың мамыр айының соңында болды.


АҚШ-тың Колорадо штатындағы Денвер қаласының маңында жеңілмоторлы ұшақтың апатқа ұшырауы ұшқыштың селфи түсіргісі келгендігінен болуы мүмкін. АҚШ-тың Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тергеуі шығарған қорытындыны ABC News ресурсы жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru. Әуе апаты 2014 жылдың мамыр айының соңында болды.

Екі орындық Cessna 150K ұшағы өткен жылдың 31 мамырында ұшып, төрт минут өткеннен кейін құлаған болатын. Салдарынан штурвалда отырған 29 жастағы Амритпал Сингх (Amritpal Singh) пен жергілікті мектепте ән орындауы керек болған музыкант қаза тапты.

Апат орнында GoPro камерасы болған, ондағы жазбада осы ұшқыштың ұшқан сәті бейнеленген. Осы арқылы олардың өте аласа биіктікте селфи жасауды әдетке айналдырғаны анықталды. Сарапшылар Сингхтың сол күні камерасы қосулы болса да, өз-өзін суретке түсірмек болып, штурвалға ие бола алмай қалған деген шешімге келіп отыр. 

Айта кетейік, селфи түсіремін деп, қаза тауып жатқандардың алды бұл емес. Таяуда ғана Үндістан колледждерінің бірінде оқитын 3 студенті жақындап келе жатқан пойыздың алдында селфи жасағысы келіп, қаза болған еді. Төрт студент Дели қаласынан Агруға қарай жолға шығып, атақты Тәж-Махал кесенесіне бармақ болады. Достардың бірі пойыздың алдында тұрып селфи жасап, оны Интернетке жүктеуді ұсынады. Үш жігіт пойыздың жолына жақын тұрып, келе жатқан пойыздың алдында суретке түскісі келеді. Сөйтіп, олар пойыздың жақындағанын байқамай қалған. Тірі қалған студент полицейлерге өз достарын қырынан түсіріп тұрғандықтан, қауіп туралы ескертіп үлгермегенін айтып берді. Тәртіп сақшылары қаза тапқан студенттердің 20-22 жаста болғанын нақтылады - олар колледжде білім алып жүрген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети