Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Семейде қазақ музыкалық аспаптарының мүсіндері жоғалып кетті

30 Сәуір 2014, 21:03
0
Архат Оразғалиев өз туындысының суретін көрсетіп тұр
Архат Оразғалиев өз туындысының суретін көрсетіп тұр

Семей көшелерінің бойында және алаңда тұрған қазақ музыкалық аспаптарының мүсіндері құпия жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Бұл туралы баспасөз конференциясында осы туындылардың авторы Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, мүсінші-дизайнер Архат Оразғалиев мәлімдеген. 

Оразғалиевтің айтуынша, екі жыл бұрын антиядролық форум аясында қалалық әкімшіліктен тапсырыс алып, тастан монументальді-мүсіндік композиция беретін Шертер, Домбыра, Қобыз және Торсықтың мүсіндерін жасаған. Мұнан кейін аталған туындылар қаланың әр жеріне қойылған екен. Сондай-ақ, авторға жұмысы үшін ақы төленбеген. Енді белгілі болғандай, мүсіндер қолды болып, ұшты-күйлі жоғалып отыр.  

"Екі күн бұрын барлық мүсіндер ғайып болды. Мен мұны қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарына жасалған қастандық деп білемін. Шындығын айтқанда бұл - бүлікшілік. Бұдан кейін біз артымыздан өсіп келе жатқан жасөспірімдерді қалай тәрбиелейміз? Біздің қала Қазақстанның рухани-мәдени орталығы емес пе? Бұл мүсіндер екі жыл бойы қатты жаңбырда да, аязда да мызғыған жоқ, ал енді міне, ешкім білмейтін бір жаққа апарып тастады, - деді Оразғалиев.

Брифингке қатысқан қала әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Сабырбаев мүсіннің жоғалғаны жайында нақты ақпарат жоқтығын айтты. Ол бұл жайды толық анықтап, БАҚ арқылы елді құлақтандыратынын да тілге тиек етті. Өз кезегінде Оразғалиев осы жайтқа қатысты құқыққорғаушы органдарға шағымданғанын жеткізді. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай