02 сәуір 2015 17:23

Семейге бара жатқан пойызда батыр ана босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Дәрігерлер Семейге бара жатқан жолда толғағы қысқан жолаушылардың бірін "Бішкек-Новокузнецк" бағытындағы пойызда босандырып алды, - деп хабарлайды 24.kz. Оқиға осыдан бір-екі күн бұрын болды. Акушерді жолаушылардың арасынан іздеуге тура келді.


Дәрігерлер Семейге бара жатқан жолда толғағы қысқан жолаушылардың бірін "Бішкек-Новокузнецк" бағытындағы пойызда босандырып алды, - деп хабарлайды 24.kz. Оқиға осыдан бір-екі күн бұрын болды. Акушерді жолаушылардың арасынан іздеуге тура келді.

Аман-есен босанған әйел қалалық перзентханаға жеткізілді. Әйелдің Батыр ана екені анықталды, пойызда туылған бала оның 11-інші перзенті. Дені сау ұл бала дүниеге келді.

Бұған дейін, маусымның 16-сынан 17-сіне қараған түні Алматы - Защита бағытындағы жолаушылар пойызында сәби туылды. Пойызда қыз бала дүниеге келді. Сарыөзек станциясының бригадасы келіп қажетті рәсімдерді жасады. Баланы Өскемен тұрғыны дүниеге алып келді. Бірақ әйел ауруханада жатудан бас тартты. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшысы Тимур Асылхановтың айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде мұндай төрт оқиға болған. "Бізде мұндай жағдайларға арналған шарттар, жеңілдіктер жоқ. Сол себепті біз әйелдердің перзентханаларда босануын талап етеміз", - деді ол. Бұған дейін, 2013 жылдың күзінде бір әйел "Тұлпар - Тальго" жүрдек пойызында босанған еді. Сәбиге толғағы келген әйелге көмектескен Әрлен деген жігіттің есімі берілді. Жолда туылған баланың атасы "Жолаушылар тасымалы" компаниясының логотипі басылған ақжайманы естелікке алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети