Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Семіз деп алған соғымымыз "алқаш" болып шықты

02 Маусым 2014, 12:56
0
sfcompanion.blogspot.com фото
sfcompanion.blogspot.com фото

 Алда қыс мезгілінің де көзді ашып жұмғанша жетіп келері анық, соған орай соғым сою, соғымбасыға шақырудың да қызатын шағы. Қыс айының қызығы да сол емес пе? Қорасындағы малын семіртіп сойып соғым алып, алыс жақындағы ағайын туысты шақырып бір жырғап қалатын үрдістің үзілмегеніне шүкір дейміз кейде. Ауылдағы ағайынға оңайырақ қолындағы малын баптап, бағымын келістірсе, соғымы да соған сай болады. Ал қаладағы ағайын сол ауылдықтарға телмірулі. Ауыл-аймақтардан жеткізілген соғымға қол жеткізсе қуанады. Ал соғым деп алғаны сорлатып отырса ше? Бұл басқа мәселе.

Кезінде ауылдықтардың біразы бордақы «бизнесімен» айналысып, біраз қоң жинап алғаны бар. Бүгінде дәлі осы бизнес түрі банкротқа ұшырап тұр. Өйткені мал азығының қымбаттауы осы бизнестің аяғын тұсаулап отыр. Биыл құрғақшылық болып жем-шөпті дұрыстап жинап ала алмады. Оның үстіне қолға қараған малға беретін жемнің де бағасы аспанға ұшып кеткен. Бір «прес» шөбіңіз 400 теңгеден асып жығылады. Бір қап бидай сатып алу үшін былтырғыдан екі есеге шығындануға тура келеді. Сол себептен соғымның күйін күйіттегендер түрлі қулықтарға баруда. Арақ шарап зауытының қалдығына құда түсушілер көп. Яғни бидайдың қалған сығындысын арзанға алып, малын жемдеп жүргендер жетерлік. Ол «отходты» жеген мал өз-өзінен мәңгіп, «мас» боп жүреді. Әрі тез қоң жинайтын көрінеді. Бірақ майы шылқыған етіңіздің ешқандай маңызы да дәмі де болмайды.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай